Жалған чектер: Таразда сатушыны 1,5 миллион теңгеге алдап кеткен

Сурет: polisia.kz
Полицияға 66 жастағы әйел хабарласқан. Жәбірленушінің айтуынша, алаяқтық бес айға жуық уақытқа созылған. Дүкен иесі алаяқтықты тексеруден кейін білген. Тапшылықты байқаған кәсіпкер барлық сатып алушылардың чектерін тексере бастаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 17-18 жас аралығындағы үш жігітті ұстады. Олар қз кінәлерін толық мойындады.

Анықталғандай, күдіктілер қосымшаны қолданып, жалған чектер жасаған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды