ДДСҰ: маймыл шешегіне 780 адам шалдықты

Сурет: pixabay
Мамыр айынан бері әлемнің 27 елінде тіркелген маймыл шешегін 780-нен астам адам жұқтырған деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, инфекцияның таралуына қатысты эпидемиологиялық тергеу жалғасып жатыр. Мамандар маймыл шешегін бірден анықтау қиынға түсетінін айтты, деп жазады turkystan.kz.

Айта кетсек, маймыл шешегі Орталық және Батыс Африка елдерінде сирек кездесетін вирусты ауру болып саналады. Онда дерт әдетте маймылдар мен кеміргіш жануарлар арқылы жұғады.

Ал жыл басынан бері Африканың 5 елінде аталған аурудан 70-ке жуық адам көз жұмды. Вирус, әсіресе, Нигерия, Конго, Либерия мен Сьерра-Леонеде жиі тіркелген. Енді науқастардың басым бөлігі Ұлыбритания, Испания, Португалия, Канада мен Германияда да анықталып жатыр.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды