Орталықтың бас есепшісі 2019 және 2020 жылдардағы мүддесін бұрынғы күйеуі басқарған «Z» ЖШС-не азық-түлік өнімдерін жеткізу бойынша өткізілген тендерлерде азық-түлік өнімдерін нақты жеткізбей ақша аудару арқылы табысқа кеңеліп отырған. Олар жалпы сомасы 25 862 132 теңгенің ақшасын жымқырған. Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты
Баспасөз хабарламасында атап өтілгендей, Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағының санкциясында 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
Сотта сотталғандардың кәмелетке толмаған үш баласы бар екені, сондай-ақ 25 156 051 теңге көлеміндегі зиянды ерікті түрде өтеу жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде анықталды.
Өтелмеген шығын көлемі 301 069 теңге.
Сот залалды ерікті түрде өтеуді ескере отырып, ҚК-нің 63-бабын қолданып, ұйымдарда бухгалтерлік есеп жүргізуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, шартты түрде 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Мүлкі тәркіленіп, 5 жыл мерзімге мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салды. Сотталғандарға пробациялық бақылау орнатылды. Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты
Сотталғандардың мүлкі мемлекет кірісіне тәркіленді. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.