Отандық дизайнерлер Британ жұртшылығын таң қалдырды

Отандық дизайнерлер өз өнерімен Британ жұртшылығын таң қалдырды. Лондонда өткен Silk Road Fashion сән қойылымында олар ұлттық нақышта және замануи стильде тігілген киімдерін көрсетіп, зор қошеметке ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ дизайнерлер қазақтың әшекей бұйымдарын да ұсынды. Ою-өрнек бейнеленген сырға-сақинадан бөлек, шаш ұшына байланатын шолпы шетелдіктерді таң-тамаша етті, деп хабарлайды qazaqstan.tv

Қазақтың ұлттық киімдері де назардан тыс қалмады. Күнделікті өмірге арналған құрақтан құралған киімдер өте жеңіл әрі ыңғайлы, Лондонның құбылмалы ауа-райына лайықтап тігілгендей.

Silk Road Fashion сән қойылымы жыл сайын ұйымдастырылады. Оның биылғы тақырыбы: «Жібек жолынан Лондондағы Паль Маль көшесіне дейін».

Бұл жолғы шара Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай өткізілді.

Бұның аты стрит стайл деп аталады. Себебі менің құрақтан құралған киімдерімнің бәрін көшеде де, тойға да, балабақшаға, саябаққа барған кезде де киіп шығуға болады. Жадыра Жиенғазиева, дизайнер
Маған бұл материал өте ұнайды. Өйткені ол жеңіл және жылы. Мұны қыста да, жазда да, кез-келген уақытта киюге болады. Мен қазақтың құрақтан жасалған киімдеріне ғашықпын. Марина Фишер, Лондон тұрғыны
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: