Нөсер жаңбыр, аптап ыстық, найзағай және бұршақ - 24 маусымға арналған ауа райы болжамы

Сурет: unsplash
Синоптиктер Қазақстанда 24 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды: ел аумағында нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел күшейеді, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атмосфералық фронтальды учаскелердің әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді, күн күркірейді, бұршақ жауады, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. «Қазгидромет» РМК

Болжам бойынша, күндіз Жетісудың шығысында, батысында, солтүстігінде, Түркістанның шөлейт аймақтарында, Қарағандының оңтүстігінде, Абайдың оңтүстігінде, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, күндіз қатты ыстық күтіледі.

Ұлытау, Қызылорда, Жамбыл, Павлодар, Ақмола облыстарында Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде де ыстық ауа райы күтіледі.

Қызылорданың басым бөлігінде, Абайдың батысында, Алматының, батысында, Атыраудың шығысында, оңтүстікте, Ақтөбенің шығысында, Ұлытаудың оңтүстік-батысында, Қарағандының оңтүстік-шығысында, Жамбыл , Батыс Қазақстан облыстарында өрт қаупі сақталады, - деп қосты Қазгидромет РМК.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті