Түркістан облысында жас қыз тұрғынның атынан несие рәсімдеп алған

Сурет: pixabay
Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйел адамның айтуынша, оның ауылдас танысы телефонын пайдаланып, банктік қосымшасы арқылы 560 мың теңге, шағын несие беру ұйымынан 79 мың теңге несие рәсімдеген.

Әйел адам мұны қарызыңыз көбейіп кетті деп банк қызметкері хабарласқанда ғана білген. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 639 мың теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.

Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында сезіктінің жергілікті тұрғын екені белгілі болды.

Анықталғандай, күдікті жас әйел мұндай қадамға тұрмыстық қажеттілік үшін барғанын айтты. Ол рәсімдеген несиені өзінің банк шотына аударып алған.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз