Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы конституциялық заңның жобасы әзірленді

Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» конституциялық заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Уәкіл қызметінің міндеттері – адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіруге, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын көтермелеу мен ілгерілетуге жәрдемдесу.

Заң жобасында жазылғандай, уәкіл өз қызметін жүзеге асыру кезінде заңдылық, әділдік, бейтараптық, объективтілік, жариялылық, ашықтық, айқындық қағидаттарын және Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген басқа да қағидаттарды басшылыққа алады.

Уәкіл өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және қандай да бір мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға есеп бермейді.

Сондай-ақ құжатта қылмыс орнында ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан басқа кезде, уәкілді өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының келісімінсіз ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайтыны жазылған.

Уәкілдің заңды қызметіне араласу не кедергі келтіру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді, – делінген құжатта.

Уәкіл лауазымдық міндеттерін орындауына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы куә ретінде жауап алынуға жатпайды.

Уәкілге қызметін жүзеге асыруы кезінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қауіпсіздігін қамтамасыз ету құқығына кепілдік беріледі.

Уәкілді Қазақстан Республикасы президентінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы парламентінің сенаты бес жыл мерзімге лауазымға сайлайды.

Уәкіл лауазымына сайланатын адам мынадай талаптарға сай болуға:

Уәкіл лауазымына кіріскен кезде ант береді.

Уәкіл, оқытушылық, ғылыми не өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, мемлекеттік қызметте бола алмайды, кәсіпкерлік қызметпен айналыса алмайды, коммерциялық ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, оны басқаруға қатыса алмайды, сондай-ақ өзге де ақы төленетін қызметпен айналыса алмайды.

Уәкіл:

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: