Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары мамырда 169 миллиард теңгеге қысқарды

Сурет: Zakon.kz
2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша салымшылардың зейнетақы жинақтары мамырда 168,8 млрд теңгеге немесе 1,3%-ға азайып, 12 770,7 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық банкте атап өткендей, ағымдағы жылдың мамыр айында зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза кірістің 292,1 млрд теңгеге, 1 маусымдағы жағдай бойынша 6 741,1 млрд теңгеге дейін төмендеуі байқалды.

2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша салымшылардың міндетті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны қоса алғанда) 10,9 млн теңгені құрады.

2022 жылғы мамырда зейнетақы төлемдерінің көлемі 26,1 млрд теңгені құрады.

2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары және Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (жиынтық зейнетақы активтерінің тиісінше 42,5% және 22,8%) алып отыр.

Еске салайық, сәуірде зейнетақы жинақтары бір айда 40 млрд теңгеге немесе 0,3%-ға азайып, 12 939,5 млрд теңгені құрады.

Қазақстан
БЖЗҚ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз