«Кепілсіз несие»: Алматыда 5 алаяқтық жайтына қатысы бар әйел ұсталды

Сурет: polisia.kz
Полиция қызметкерлері Алматы қаласының 29 жастағы тұрғынына қатысты 5 алаяқтық дерегін дәлелдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінде (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен 29 жастағы А.есімді азаматша ұсталды. Күдіктіге қатысты тергеу ауданаралық соты “қамау” түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Тергеу барысында бойжеткеннің өзін банктердің бірінің қызметкері ретінде таныстырып, адамдарға кепілсіз, төмен пайызбен несие алуға көмектесуге уәде бергендігі анықталды, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Айтпақшы, әйел қызметі үшін 120-дан 170 мың теңгеге дейін сұраған. Ұсталған азаматшаның бұрында заңмен мәселелері болған, ол осыған ұқсас қылмыстар үшін сотталған.

Полицейлер осы азаматшаның әрекетінен зардап шеккендерді, полицияға мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларын сұрайды: 8-707-447-07-50; 8-747-699-70-02.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді