ҰҚК өткізген арнайы операциясының арқасында халықаралық есірткі синдикаты жойылды

Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан мен Қырғызстанның құқық қорғау органдарымен бірлесе іс-әрекет етіп, Орталық Азия елдеріне арналған заңсыз есірткі өндірісімен айналысатын халықаралық есірткі синдикатының жолын кесу бойынша арнайы операцияны жүзеге асырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көп кезеңді жедел іс-шаралар шеңберінде 2022 жылғы 2-3 маусымда Алматы қаласында "альфа-PVP" есірткі затының 17.7 келісін тасымалдау және сақтау кезінде есірткі қылмысына қатысты топтың 4 көмекшісі ұсталды. Ұсталғандардың бірінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша психотроптық заттарды өндіретін жерасты зертхана табылды.

Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі

Есірткі контрабандалық жолмен Қырғызстанға жіберуге, сондай-ақ Шымкент және Өскемен қалаларында сатуға арналған болып шықты. Қылмыстық топтың байланыстарын жою үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанның ІІМ-мен өзара іс-қимылды іске асырды. ҰҚК баспасөз қызметі

Нәтижесінде, 2022 жылғы 5 маусымда Бішкек қаласында жасырын жерден 3 келі есірткі затын алу кезінде Қырғызстанның 3 азаматы ұсталды.

Арнайы операцияның соңғы кезеңі Өскемен және Шымкент қалаларындағы бірмезгілде 3 есірткі курьерінің ұсталуымен аяқталды. Оларды тексеру барысында 2 келі есірткі табылды. ҰҚК баспасөз қызметі

Жалпы терроризмге қарсы операция барысында есірткі қылмысына қатысы бар 10 адам ұсталып, ірі есірткі лабораториясының жұмысы тоқтатылды.

Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 22.7 келіні құрады (68 мың "бір реттік дозаға" тең).

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі іс-шаралар өтуде.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді