Болашақта адамдардың мәйітін жинайтын арнайы робот жасалғаны рас па

Сурет: pixabay
Қазнетте жерде жатқан адамды робот көтеріп әкеткен бейнеролик тарады. Ал видео астында бұл «мәйіт жинаушы робот» деп жазылған, адамдар белгілі бір құпия топ халықтың жаппай өліміне дайындалып жатыр деген пікірлерін білдіріп жатыр. Бұл – жалған ақпарат, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шындығында, видеода Жапонияда құрастырылған құтқарушы-робот. Ол 2014 жылы дағдарысты басқару индустриясының көрмесінде көпшілік назарына ұсынылды, деп жазды stopfake.kz сайты.

Мұндай роботтарды өрт және қалың түтін болған кезде құтқарушылар денсаулығына қауіп төнгендіктен, зардап шеккендерге бара алмаған немесе нашар көрінгендіктен, жараланғандарды табу мүмкін болмаған кезде пайдалануға болады, – дейді мамандар.

Мұндай машиналарды жасау әлемдік элитаның көп адамды өлтіріп, олардың денелерін арнайы машиналармен жинауды жоспарлап отырғанының белгісі емес.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды