Қазақстанда салық бойынша жеке тұлғаларды анықтаудың жаңа ережелері бекітілді

Сурет: pexels
2022 жылдың 5 шілдесінен бастап салық құпиясын құрайтын мәліметтерді беру мәселесі бойынша байланыс орталығына жүгінген кезде жеке тұлғаны сәйкестендіру E-Salyq Business ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Азаматтардың деректер базасында бар ұялы телефон нөмірін пайдалана отырып, оператор салық төлеушіден төрт таңбалы растау кодын сұрайды. Сәйкес келген жағдайда салық құпиясын құрайтын мәліметтерді (жылжымалы және жылжымайтын мүлік туралы мәліметтер, банктік деректемелер, орналасқан жерінің мекенжайы, оның ішінде жеке кәсіпкер, заңды тұлға) ұсыну бойынша қызмет көрсетеді. Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

Басқармада атап өткендей, заңды тұлғаларға қатысты мәліметтерді біріктірілген салықтық ақпарат жүйесінен басшысы, бюджеттік жауапты қызметкер, уәкілетті тұлға немесе құрылтайшының сұрау салуы бойынша алуға болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды