Қаңтардағы тәртіпсіздіктерге ДВК/Коше экстремистік ұйымының жақтастары қатысты

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда тыйым салынған ДВК/Коше экстремистік ұйымының үш жақтаушысы қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін сотталды. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Бас прокуратураның 1-қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сол күндері жаппай тәртіпсіздіктерге Қазақстанда тыйым салынған ДВК/Коше экстремистік ұйымының жақтастары белсене қатысты. Шымкентте осы тыйым салынған ұйымның үш жақтаушысы сот үкімімен үш жылға бас бостандығынан айырылды. Бас прокуратураның 1-қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов

Оның айтуынша, олар жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуға шақырып қана қойған жоқ, сонымен қатар қала әкімшілігінің ғимаратына шабуыл жасап, қиратулармен және мемлекет мүлкіне зиян келтірген.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы