Түркістанда зейнеткер дүкенде тұрған сөмкеден ақша ұрлап кетті

Сурет: pixabay
Түркістан қаласы ПБ-ға ұрлықтың құрбаны болған жергілікті тұрғын арызданып келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның дүкен сөресінде тұрған сөмкесінен 180 мың теңге ақшасын белгісіз біреу ұрлап кеткен.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.

Тәртіп сақшылары хабар алысымен оқиға орнына жедел жетті. Ұрлық жайты орын алған аймақтың барлығын жіті қарап, куәлардан жауап алды. Дүкен ішіндегі бейнебақылау камераларын тексеріп, ақшаны жасырын ұрлаған күдіктіні байқады.

Полицейлер осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жүргізіп, күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты.

Полиция қызметкерлерінің атқарған тыңғылықты жұмыстарының нәтижесінде, күдікті зейнеткерді бір тәулік ішінде ұстады.

Айғақты зат ретінде қолды болған ақша тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Белгілі болғандай, 65 жастағы зейнеткер дүкенге мата алу мақсатында келген.

Содан соң айналасында адамдардың жоқтығын пайдаланып, сөмкедегі ақшаны алып кеткен.

Полиция қызметкерлері зейнеткердің бұрын сотты болғанын анықтады.

Бүгінгі таңда егде жастағы әйел қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды