Жезқазғанда ер адам кілттердің көшірмесін жасатып алып, тұрғынның үйіне кірген

Сурет: polisia.kz
6 шілдеде Ұлытау облысы Жезқазған қаласының Полиция басқармасына 55 жастағы қала тұрғыны жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол жеке кәсіпорынның директоры екенін айтты. Айтуынша, таңертеңгілік ерте өзінің шаруаларымен үйінен шығып кеткен.

Келгенде сөмкесінде болған 450 мың теңге ақшасының жоқ екенін байқаған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, мән-жайды анықтай бастады.

Жәбірленушінің пәтерін тексеру кезінде тәртіп сақшылары есіктерде де, терезелерде де бұзып кіру іздерін таппады.

Яғни, сыртқы есіктің кілтінің көшірмесін жасап, жәбірленушінің үйіне кірген деген болжамға келді. Кілттердің жасалу құрылымы өте қиын болса да, ұры кәсіпкердің үйінің кілттеріне қалай да қол жеткізген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер жәбірленушінің араласатын ортасын, айналасында кездестірген адамдарды зерттеуге назар аудара отырып, бірнеше нұсқаны өңдей бастады.

12 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні – 22 жастағы жас жігітті анықтап, ұстады.

Анықталғандай, ол директордың жеке кәсіпорынында әр түрлі жұмысты атқарушы болып істеген.

Ыңғайлы сәтті пайдалана отырып, қаскөй жәбірленушінің кілттерін ұрлап алып, олардың көшірмесін жасап, артынан орнына қойып қойған.

Кейін, кәсіпкердің үйінде жоқ екенін біле, ол пәтерге кірген. Кілттің көшірмесі алынды, тергеу жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз