Ер адам астаналық әйелге шабуыл жасап, алтын алқасын жұлып алды

Сурет: polisia.kz
Күдікті 62 жастағы кейуананы үйіне дүкен аралап келе жатқанда көрген. Көзі мойнына ілулі үлкен алтын алқаға түскен. Автобустан түсіп, ер адам әйелдің соңынан ерген. Кіре берісіндегі баспалдақпен көтерілген сәтте, күдікті шабуыл жасап, мойнындағы алқаны жұлып алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сол күні күдікті ломбардқа құны 300 000 теңге тұратын әшекей бұйымды 140 000 теңгеге өткізген.

Сарыарқа ауданының полицейлері күдіктіні ұстады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 30 жастағы ер адам болып шықты. Іс жүзінде ҚР Қылмыстық кодексінің «Тонау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған азамат ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кінәсін толық мойындады.

Заттай айғақтар ломбардта тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады