Екібастұзда бір күнде үш өрт сөндірілді

Сурет: pixabay
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pavlodarnews.kz берген мәліметке сай, алғашқы өрт 27 шілде күні таңғы алты жарымда орман шаруашылығында орын алды.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы ауданы 400 шаршы метр құрғақ шөп жанды.

Оқиға орнына ТЖД-ден бір арнайы машина және жеке құрамнан бес адам шықты.

Өрт туралы тағы бір хабарлама сағат 13:13-те түсті. «Богатырь Көмір» ЖШС-не жетпей 3 га құрғақ шөп пен қамыс жанды. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мен «Промсервис-Отан» ЖШС өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.

Таңғы жетіге дейін төрт ошақта шыққан өрт сөндірілді. Құрғақ шөп қайта тұтанған.

Тай ауылында ашық аумақ жанды. Бірінші аумақ - 20 га, екіншісі – 30 га, үшіншісі – 20 га және соңғысы – 15 га, – деді ТЖ департаментінде. - Тілсіз жау сағат 07:30-да сөндірілді.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, барлық жағдайда тұрғындардың отты абайсыз қолдануы өрттің шығуына себеп болған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі