Балқашта балық қырылды

Сурет: zakon.kz
Қаратал өзенінің Балқаш көліне құяр тұсында балық қырылып жатыр. Балықшылардың бейнежазбаны қайық есіп келе жатып түсіріп алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Балықшылардың айтуынша, тонналап өлген табан балықта есеп жоқ.

«Табиғат қорғау прокуратурасы көл жағасына келіп, жағдайды неге тексермейді?», – деп ашынды балықшы.

Осыдан кейін Балқаш – Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшылығы мәлім еткендей, қазір арнайы мамандар табиғат қорғау прокуратурасы өкілдерімен бірге балықтардың неден қырылғанын анықтау үшін Балқаш көліне аттанып кеткенін жеткізді.

Мынау не деген сұмдық! Айтуға келе ме, мынаның бәрі? Мынандай сұмдықты көрдіңіздер ме? Табиғат қорғау прокуратурасы не қарап отыр бұл жерде? Адам түсінбейді! Бір жағаға келмейді. Біреуі келмейді. Балықшы
Балық қырылу факті бойынша тиісті комиссия кеше құрылды. Бұл комиссияның құрамына жергілікті әкімдік, экология департаментінің және табиғат қорғау прокуратурасымен Балқаш – Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының өкілдері кірді. Қазіргі таңда бұл комиссия жұмыс жасауда. Жұмыстың нәтижесі шыққанда толық ақпаратты ұсынамыз.таңда бұл комиссия жұмыс жасауда. Жұмыстың нәтижесі шыққанда толық ақпаратты ұсынамыз. Алмат Суюбаев, Балқаш – Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты