Ал анасының із-түссіз кеткен баласын іздеп жүргеніне шамамен бір айдан астам уақыт болған.
Алайда өз бетінше жүргізген іздеуден еш нәтиже шықпаған. Содан полицейлерге арызданған.
Түркістан қалалық Полиция басқармасының көші-қон қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, із-түссіз кеткен азаматты іздеуді бастап кетті.
Полицейлер облыс көлемінде, одан соң Қазақстан Республикасы бойынша бағыттамалар беріп, іздестіру ауқымын кеңейтті. Ресей Федерациясында жұмыс бабымен болуы мүмкін деген тұжырымды да ескеріп, сол жақтағы елшілік пен тәртіп сақшыларына хабарлама жібереді.
Нәтижесінде, полицейлер жоғалған орта жастағы азаматты бірнеше күн ішінде тапты. Белгілі болғандай, жоғалған ер азамат Ресейде жұмыс жасауға барып, абайсызда аяғын сындырып алған. Содан бері жұмыссыз жатқан.
Сондай-ақ, азамат өз сөзінде анасы уайымдамас үшін оған хабарласпағанын айтты.
Қазіргі таңда 46 жастағы азамат үйіне қайтарылды. Ұлымен аман есен қауышқан ана іздестіруде шапшаңдықпен әрекет еткен көші-қон қызметкерлеріне алғысын айтып, ризашылығын білдірді.