Ол белгісіз біреудің алаяқтық құрбаны болғанын хабарлады. Анықталғандай, өтініш берушінің WhatsApp желісіне шұғыл түрде бес мың теңге қарызға ақша сұрап, оны карточкасына аударуды өтінген құрбысынан хат келді.
Аталған хат белгісіз нөмірден келгенін жәбірленуші байқаған. Бірақ танысы жаңа гаждет сатып алғанымен түсіндіргенде, оның күмәні сейілген. Жәбірленуші құрбысының өтінішін орындады.
Біршама уақыттардан соң, сол танысынан тағы да бес мың теңге аударуды өтінген сұрау түсті.
Бұл жолы да әйел оған ақша аударудан бас тартпады. Бірақ танысы үшінші рет сол соманы қайтадан жіберуді өтінген кезде, оның қымсынбай қайта-қайта сұрай бергені ашуландырды.
Аталған құрбысына не болып қалғанын білмекші болып, бұрыңғы нөмеріне хабарласты. Сол кезде ол танысының ешқандай ақша сұрап, хат жазбағаны белгілі болды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні 35 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Алаяқ жәбірленушінің құрбысының танысы болып шықты. Оған ақша қажет болғанда, құрбысы ретінде таныстырып, жәбірленушіні жаңылыстырған.
Аталған факті бойынша Қазақстан Републикасының Қылмыстық кодекстің 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.