Доллар тағы қымбаттады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 2,44 теңгеге көтеріліп, 479,51 теңгені құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,80 теңгеге (-0,07) түсті.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы сәл көтеріліп, 70,84 теңгеге (+0,40) жетті.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 486,73 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 479-483 теңге, еуро 491-499 теңге, ресей рублі 7,2-7,65 теңге аралығында сатылуда.

Ал 1 тамыздағы сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстері 1%-ға арзандап, барреліне $102,93 құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада WTI маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері 1,37%-ға арзандап, барреліне 97,27 долларды құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз