Қазақстандағы дизель бағасы не болмақ

Сурет: pixabay
Энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанда дизельдік отынға сараланған тариф енгізу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болат Ақшолақов Мемлекет басшысы транзиттік көлік пен шекара периметрі бойынша сараланған бағаларды әзірлеу арқылы дизельдік отын тапшылығын болдырмау міндетін қойғанын еске салды.

Қазіргі уақытта министрлік дизельдік отынның сараланған бағасын қарастыратын бұйрық жобасын әзірледі. Бағалар тұрғылықты жеріне, тұтыну көлеміне және көлік түрлеріне байланысты сараланады. Бұл бағыттағы жұмыс мүдделі мемлекеттік органдармен және тараптармен жалғасатын болады. Энергетика министрі Болат Ақшолақов

Министр бұл норманы енгізу қажеттілігін уәждеп, Қазақстан Республикасындағы Шекара қызметінің деректеріне сілтеме жасап, оған сәйкес Қазақстан Республикасына күніне 4,5 мыңға жуық жүк көлігі кіреді, оның 70 пайызы шетелдік көліктер екенін айтты. Нәтижесінде Қазақстан Республикасындағы жанармай құю станцияларындағы төмен бағалар орташа айлық тұтынудың шамамен 120 000 тоннаға артуына алып келеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Отбасы шешімі өзгеге өмір сыйлады: Маңғыстау облысында науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады