2 жыл іздеуде жүрген күдікті Қарағандыдан табылды

Сурет: Zakon.kz
Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, үйінің ауласына белгісіз біреу кіріп, қорасынан темір кесетін құрылғыны ұрлап кеткен, деп жазады Zakon.kz.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.

Қылмысты ашу үшін полицейлер қажетті шараларды жүзеге асырды. Іздеу жұмыстары еш тоқтамастан бірнеше жылға жалғасты.

Яғни, бой тасалап жүрген күдіктіні іздеу жұмыстары бір сәтке үзілмеді. Соның нәтижесінде, Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері екі жыл бойы іздеуде жүрген, күдікті ер адамды Қарағанды қаласынан тауып, қамауға алды.

Оның бұған дейін де бірнеше рет ұрлық жасап, ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотты болғандығы белгілі болды.

Тексеру кезінде полицейлер ер адамның осы уақытқа дейін Қарағандыда жалдамалы жұмысшы болып жұмыс істегендігін анықтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Алматы әуежайындағы оқиғадан кейін 10 тәулікке қамауға алынды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Зеленский Ресей-Украина қақтығысын тоқтатудың басты себебін атады