Өз қызын өлтіріп алған әйел сот үкіміне наразы

Сурет: Zakon.kz
Ақтауда 3 жасар қызын ұрып өлтірген әйел сот үкіміне шағым түсірді. Оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы баланың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда өлімге әкеліп соққан қылмыстық істі апелляциялық тәртіппен қарады, деп жазады turkystan.kz.

«Бірінші сатыдағы сот үкімі бойынша әйелге 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкімге жәбірленушінің заңды өкілі, сотталған адам және оның адвокаты апелляциялық шағым жасады. Сотталушының қорғаушысы істі Қылмыстық кодекстің 106-бабы (абайсызда адам өліміне алып келу) бойынша қайта қарауды сұрады. Апелляциялық алқа бірінші сатыдағы сот үкімінің заңды және негізді шығарылғанын, үкімді өзгертуге, оның күшін жоюға және апелляциялық шағымдардың дәлелдерін қанағаттандыруға негіз жоқтығын анықтады. Сондықтан сот үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды», – деді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Еске салсақ, оқиға биылғы 4 қаңтарда болған. Әйел қызын ұрып, итеріп жіберген. Ішімен үстелдің бұрышына соғылған балада гематома пайда болады. Бірнеше күннен кейін әйел тағы да ашулы күйде қызының ішінен ұрады. Содан кейін қызын үйге тастап, кетіп қалады. Бірнеше сағаттан кейін қыз дене жарақатынан қайтыс болған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз