Автобуста әйелді құтқарған жігітті Алматы әкімі марапаттады

Сурет: Алматы әкімдігі
Алматы әкімі Ерболат Досаев әйелді автобуста күш көрсетуден құтқарып қалған Райымбек Медетбекпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда ер адам автобуста әйелге пышақ сұғып алған. Райымбек Медетбек пен куәгерлер жедел әрекет етіп, күш көрсетушіні тоқтатқан. Осылайша Райымбек Медетбек әйелдің өмірін сақтап қалды.

23 жастағы Райымбек Медетбек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Ол Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ жұмыс істейді.

Алматы әкімі оған ерлігі, батылдығы мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтты. Сонымен қатар Алғыс хат пен бағалы сыйлықты табыс етті, – деп хабарлайды Алматы әкімі.
Алматы
Досаев Ерболат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін