Қаралы қауым бес жасар Мәдина Ерланқызын ақтық сапарға шығарып салды

Сурет: pixabay
Қостанайлықтар бес жасар Мәдина Ерланқызын ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Наш Костанай" порталының мәліметінше, облыстық мешітке кемінде мың шақты адам жиналды.

Айта кетсек, 7 тамыз күні таңертең Қостанай облысының Жамбыл ауылында бес жасар қыз жоғалып кетті. Бала 18 және 13 жастағы өз әпкелерінің бақылауында болған. Олар таңертең оянғанда оны таппай қалған.

Полиция баланы іздеуге бірден кірісті, волонтерлармен бірге ауыл-ауылды аралады. Барлығы 1500-ге жуық адам іздеу жұмысына жұмылдырылды. Бала ашығып қалмасы үшін жазық далада шарға байланған тамақ мен сусын қалдырылды. Сонымен қатар, дауыс зорайтқыштан бала жақсы көретін "Маша мен аю" мультфильміндегі ән қойылды.

8 тамызда кешке полицияға қызды жүгері алқабында көргендер бары туралы ақпарат келіп түсті. 9 тамызда таңертең полиция жедел штаб нөмірін жариялап, ол арқылы азаматтардан іс-әрекеттерді өзара үйлестіру үшін хабарласып отыру сұралды.

10 тамызда Мәдина Ерланқызының денесі Жамбыл ауылынан 3 шақырым жерден дронның көмегімен табылды. Қыз жабайы тоғанға батып кеткен болып шықты.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі