Шымкентте бала тоққа түсіп, көз жұмды

Сурет: Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
15 тамыз күні сағат 20:30-да Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік қызметіне «103» қызметінен электр тоғы соққан 2021 жылы туған ұл баланың қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға Құлагер көшесінің бойындағы Қаратау ауданына қарасты, Нұртас шағын ауданындағы жеке тұрғын үйде болған.

Ата-анасының айтуынша, үйде ұзартқыш сымға жалғанған электр пеші болған.

Бала пештің жанында ойнап жүріп, абайсызда жалаңаш электр сымын қолымен ұстап алған. Ол оқиға орнында көз жұмды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше, тамыз айында қалада электр тоғының әсерінен екі апат болған: 2013 жылы туған қыз зардап шекті, 2021 жылы туған бала қайтыс болды.

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға балаларға абай болуды ескертеді! Балалардың қауіпті электр қалқандарының, ашық электр сымдарының жанында ойнауына жол бермеңіз! Тозған электр сымдарын дер кезінде ауыстырып, сақтық шараларын қолданыңыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды