Талғат Қозбеков Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды

Сурет: gov.kz
Талғат Қозбеков Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Талғат Қозбеков 1976 жылы 23 қыркүйекте Талдықорған ауданы, Көктал ауылында дүниеге келген.

Талғат Қозбеков Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің маркетинг-экономист мамандығы бойынша бітірген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заңгер мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1999 жылы Салық комитетінің Панфилов ауданы бойынша салықтық тексеру бөлімінің салық инспекторы болып бастады.

Осы жылдар ішінде Панфилов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім бастығы, басқарма басшысының орынбасары, бөлім басшысы қызметтерін атқарды.

2020 жылдан бастап Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істейді.

2022 жылдың наурыз айынан бастап Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз