Алматыда қала құрылысы кеңесі құрылады

Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімі Ерболат Досаев қаланың қала құрылысы кеңесін құру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ағымдағы жылдың 30 маусымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алматы қаласының айрықша мәртебесі туралы» ҚР Заңына, оның ішінде Қала құрылысы кеңесін құру туралы ережені қамтитын түзетулерге қол қойды. Оның міндеті – қала құрылысы саясатын іске асыру кезінде шешімдер қабылдаудың тиімділігін арттыру және қаланың орнықты және теңгерімді дамуын қамтамасыз ету. Өзгерістер алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң, яғни 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 тамызда Алматы әкімі Е. Досаевқа қала құрылысы кеңесін құру жөніндегі құжаттардың жобасы ұсынылды және қаулыны, ережені әзірлеу және оның құрамын бекіту жөніндегі рәсімдер басталды. Бүгін, 19 тамызда тиісті қаулыға қала әкімі қол қойды. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Құжат арқылы Алматы қаласы әкімдігі бекітетін 23 адамнан аспайтын кеңестің құрамы, сондай-ақ функциялары, өкілеттіктері, құрылымы мен жұмыс тәртібі бекітілді. Қала құрылысы кеңесінің мүшелері – сәулет, қала құрылысы, урбанистика, көлік, инклюзия, экология, креативті экономика, әлеуметтану, экономика және т.б. салалардағы сарапшылар. Сонымен қатар, кеңес отырыстарына қаралатын мәселелердің ерекшелігіне байланысты шақырылған өзге сарапшылар да қатыса алады.

Алматының Қала құрылысы кеңесі іске асыруға ұсынылатын қала құрылысы және сәулет жобалары бойынша шешімдерді ашық талқылау және қабылдау үшін консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала құрылысы кеңесінің негізгі функциялары:

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді