Ғылым министрлігінің басшысы «диплом шығаратын зауыттар» туралы айтты

Сурет: gov.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек университеттердің дипломды «басып шығаруы» туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Білім және ғылым министрлігі тарапынан «диплом фабрикалары» деп аталатындарды жабу үшін қыруар жұмыс атқарылғанын білесіздер. Бұл жұмыс жалғасын табады. Бүгінгі таңда сот өндірісінде 15-ке жуық сот ісі бар, бірақ бұл аталған университеттер жабылады деген сөз емес. ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек

Ғылым министрлiгiнiң басшысы сапа мен нормативтiк талаптарға сай келмейтiн университеттердi өз бақылауына алатынын атап өттi.

Бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды түрде жалғасуда. Министр ретінде мен бірінші кезекте білім сапасына жауаптымын. Сондықтан бұл бүкіл білім беру жүйесі үшін күшті сигнал болуы керек. Егер жоғары оқу орны министрлік белгілеген сапа мен ережелерге сай болмаса, онда біз мұндай университеттерді өте қатаң қадағалайтын боламыз. Саясат Нұрбек

Бұған дейін университет немесе колледж жабылған жағдайда студенттер қандай жағдайда ауыстырылатыны туралы материал дайындаған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады