Қостанай облысына Алматыдан 120 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді

Алты жүк көлігіне азық-түлік, киім-кешек, ең қажетті заттар, құрылыс материалдары, сондай-ақ тұрмыстық техникалар тиелген, деп хабарлайды Zakon.kz.

5 қыркүйекте гуманитарлық жүк тиелген төрт жүк көлігі Алматыдан Қостанай облысына жол тартады.

Алматыда 10 көмек қабылдау пункті ұйымдастырылды. Оның ішінде бір нүкте DEPO EVOLUTION PARK жастар орталығында болса, сегіз пункт аудан әкімдіктерімен ашылды, бір пункт «АМАНАТ» партиясының «Жастар рухы» коворкинг орталығында орналасқан.

Қала тұрғындары бензин генераторлары мен құрылыс құралдарын қосқанда барлығы 120 тонна қажетті заттарды жинады.

Жүктерді тасымалдау үшін әрқайсысының жүк көтерімділігі 20 тонна болатын алты жүк көлігі тартылды. Екі ауыр жүк көлігі бір күн бұрын, 4 қыркүйекте Қостанай облысына жолға шықты.

Гуманитарлық көмекті жинауға және тиеуге еріктілер, кәсіпкерлер мен қала тұрғындарынан 200-ден астам адам қатысты.

Қостанай облысында өрт 2 қыркүйекте басталған. 3 қыркүйекте өрт жақын маңдағы ауылдарға тарады.

Жарақаттарды, күйіктерді, жеңіл және орташа ауырлықтағы улануды елді мекендердің бес тұрғыны, оның ішінде бір кәмелетке толмаған, сондай-ақ орман шаруашылығының бір қызметкері, әкімдіктің бір қызметкері және Төтенше жағдайлар министрлігінің үш қызметкері алған.

4 қыркүйек күні таңертең Аманқарағай ауылында үйінділерді талдау кезінде 86 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өрттің шығуына отқа абайсыз қарау да себеп болуы мүмкін екенін айтты. Тергеу органдары барлық ықтимал нұсқаларды қарастырады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: