Мүлік және жер салығын 1 қазанға дейін төлеу керек

Сурет: pexels
Қазақстанда 2022 жылдың 1 қазанында жеке тұлғалардың 2021 жылға арналған мүлік және жер салығын төлеу мерзімі аяқталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл салықтар жеке тұлғалардың салық салу объектілері туралы мәліметтер бойынша есептеледі, онда объектінің есептік құны, жер учаскесінің ауданы, жылжымайтын мүлік объектілерінің иелері және басқа да көрсеткіштер көрсетіледі.

Бұл ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ хабарлады.

Есептелген сомалар туралы «e-SalyqAzamat» мобильді қосымшасындағы «алдағы төлемдер» қызметінен, сондай-ақ Бірыңғай есеп айырысу орталығы ұсынған түбіртектерден біле аласыз.

Жеке тұлғалар салықты келесі жолдармен төлей алады:

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жер мен мүлік бір мүлік салығына біріктіріледі. Енді үй мен жер учаскесі үшін мүлік салығы сияқты бір соманы төлеу керек. Ал көпқабатты үйлердің тұрғындары тек мүлік салығын төлейді, олар жер салығын төлеуден босатылған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс