Қостанай облысында өрттен зардап шеккендердің құжаттары кезексіз қалпына келтіріледі

Сурет: Zakon.kz
Қостанай облысында өрттен зардап шеккендердің құжаттары кезексіз қалпына келтірілмек. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне «Азаматтарға арналған үкімет» ХҚКО Қостанай облысы бойынша филиалының баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекеттік корпорацияның облыстық филиалының директоры Миржан Жаңабаев табиғи апаттан зардап шеккен аймақтардағы халыққа қызмет көрсету бөлімшелерінің қызметкерлері көші-қон полициясы өкілдерімен бірге өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Жеке басты куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ жылжымалы және жылжымайтын мүліктің құжаттарын қалпына келтіру үшін тұрғындар Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласуы қажет. Миржан Жаңабаев

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ХҚКО Қостанай облысы бойынша филиалының директоры жәбірленушілер жүгіне алатын мекенжайларды көрсетті:

Қызметкерлер түскі үзіліссіз азаматтарға құжаттарды рәсімдеуге көмектесуге дайын, зардап шеккен азаматтарды қабылдау кезексіз жүргізіледі. Миржан Жаңабаев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді