Алматыдан Қостанайға тағы гуманитарлық көмек жіберілді

Бүгін Алматыдан 60 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді. Жүк көліктері Қостанай облысы, Әулиекөл ауданына шамамен 3 тәулікте жетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өздеріңізге белгілі кеше сағат 9.00-ден бастап, Amanat партиясы төрағасының тапсырмасына сәйкес Алматы қаласындағы партияның филиалында және тоғыз көмек жинау пунктінде гуманитарлық көмек жиналды. Алматыдан барлығы 120 тонна көмек жиналды. Кешенің өзінде 40 тонна көмек екі жүк көлігімен жолға шықты. Ал бүгін төрт жүк көлігімен 80 тонна көмек жібермекпіз. Қазір үш жүк көлігі (60 тонна) жолға шығып бара жатыр. Бұның барлығы Amanat партиясының, қалалық мәслихаттың, тұрғындар мен кәсіпкерлердің жинаған, берген көмегі.Amanat партиясы Алматы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мейіржан Отыншиев

Мейіржан Отыншиев қала тұрғындары жан-жақтан көмектесіп жатқанын айтты. Мысалы, тұрғындар генератор, азық-түлік, су, май, киім-кешек сияқты заттарды қаладағы көмек жинау пунктеріне әкеліп жатыр.

Сурет: Zakon.kz

Қазір Алматыдағы 8 ауданда барлығы 10 пунк бойынша тұрғындардан көмек қабылдап жатырмыз. Кеше таңертең басталғаннан әлі жинап жатырмыз. Әлеуметтік желіде көмек жинау пунктің хабарлаған соң бізге кәсіпкерлер хабарласып жатыр. 120 тонна көмектің ішінде құрылыс заттары да бар.Мейіржан Отыншиев

Amanat партиясы Алматы қалалық филиалының атқарушы хатшысының айтуынша, Алматы гуманитарлық көмекті жинауды әлі де жалғастыра береді. Тұрғындар мен кәсіпкерлер қалауы бойынша көмек жинау пунктеріне жүгіне алады.

Қостанай облысы көмек жеткілікті демейінше, гуманитарлық көмекті әлі де жинай береміз. Бұл көмектің бәрі Алматы әкімдігінің қолдауымен жасалып жатыр. Арамызда волонтерлар да көмектесіп жүр. Олар әсіресе азық-түліктің жарамдылық мерзімін қадағалап, заттарды салып, орналастырып, тасып көмектесіп жатыр, - деп қосты Мейіржан Отыншиев.

Айта кетейік, бүгін Алматы қалалық мәслихаты Қостанай облысына гуманитарлық көмек жіберіп жатқанын хабарлаған едік. Гуманитарлық көмекке тез бұзылмайтын өнімдер ұн, қант, күріш, қарақұмық, макарон өнімі, өсімдік майы, ауыз су, консервілер, сонымен қатар, төсек-орын жабдықтары мен гигиена құралдары кірді.

Төсек жабдықтары қиын жағдайға тап болған әйелдерді әлеуметтік қолдау “Бақытты отбасы” орталығының қолдауымен көп балалы аналардың тігін цехынан сатып алынды. Жалпы 200 төсек-орын тысы сатып алынды.

Жүк көлігі Қостанай облысына шамамен үш тәулікте жетеді.

 

Алматы Қостанай
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: