Түркістанда 2 миллион теңге ақша алып беремін деп алаяқтық жасаған әйел ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, оның танысы қайтарымсыз 2 млн теңге ақша алып беремін деп әбден сеніміне кірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, осылайша жәбірленушіден қызметі үшін 400 мың теңге ақша алып, алдап кеткен.

Содан бері бір жылдан аса уақыт өтсе де, ақшаны алған әйел уәдесін орындамаған.

Хабарлама келіп түскен бойда облыс орталығының тәртіп сақшылары жедел әрекет етті. Олар қылмысты ашуға бағытталған қажетті жұмыстарды жүзеге асырды.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар күдікті, яғни жергілікті тұрғын, жұмыссыз әйел анықталды.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеріп, күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады