Ақмола облысында бетонға құйылған ер адамның денесі табылды

Сурет: pixnio
Ақмола облысында бес жыл бұрын ер адам салынып жатқан үйде әріптесін өлтіріп, денесінің үстіне бетон құйып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 қыркүйекте Атбасар қаласының 53 жастағы тұрғыны полицияға келіп, 2017 жылдың шілде айында Талапкер ауылында 49 жастағы азаматты өлтіргенін мойындаған. Содан кейін салынып жатқан үйде денені бетонмен толтырған.

Ер адам кісі өлтіруді ауызша жанжалдың салдарынан жасағанын айтты.

Сондай-ақ мәйіттің жерленген жерін көрсетті, тергеу барысында марқұмның сүйегі табылды.

Қазіргі уақытта адам өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Ведомствода атап өткендей, оқиға орнынан заттай айғақ – балға тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз