Сайт арқылы қыздармен танысып, оларды алдаған жігіт ұсталды

Сурет: polisia.kz
Алматыда сайт арқылы қыздармен танысып, оларды алдаған жігіт ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, тәртіп сақшыларының айтуынша, 22 жастағы Б.есімді азамат сайттар арқылы қыздармен танысып, оларды кездесуге шақырған, бірақ барлық оқиғаның соңы алаяқтықпен аяқталған.

Ол серіктерімен құпия әңгіме бастайды. Бір кезде жаңа танысы түрлі сылтаулармен олардан қоңырау шалу үшін ұялы телефондарын сұрап, қашып кетеді. Алданған қыздар ер адам ұялы телефонды қайтарып беретін шығар деп абдырап тұрғанда ол ұялы телефонды ломбардқа өткізген. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде біздің бөлімше қызметкерлері күдіктіні анықтады. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатқан тергеудің қазіргі кезеңінде осыған ұқсас 2 эпизод анықталды, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.

Тергеу дәлелдемелік негізде жұмыс істеп жатыр.

Алданғандар көп болуы мүмкін. Осыған байланысты полиция қызметкерлері күдіктінің суретін мұқият қарап шығуды сұрайды және оны таныған жағдайда мына телефондарға хабарласуды ұсынады: 8-707-447-07-50; 8-747-699-70-02.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті