Елордада сыра кафесіне келушілерге гашиш сатқан

Сурет: polisia.kz
“Дармек” жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері арнайы операция жүргізіліп, оның нәтижесінде елорда аумағында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізудің арнасы жойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұр-Сұлтанда кафелердің бірінде бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған 44 жастағы әкімші ұсталды.

Ол сыраны сатумен айналысқан болып, өз мекемесінде есірткілік шөпті сатқан. Кафені тінту кезінде қораптан гашиш салынған пакет анықталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Пакетте сатуға дайындалған гашиш салынған 30 полиэтиленді орама табылды. ЕҚҚІБ бастығының міндетін атқарушы Еркеш Қалықовтың айтуынша, арнайы операция жүргізу кезінде тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1 келі 600 грамнан астам гашишті құрады.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады. ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі “Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау не өткізу” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Елорда аумағында есірткі жеткізуге және өткізуге қатысы бар тұлғалар анықталуда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды