Сібір жарасы: Қостанай облысында бір ауыл карантинге жабылды

Сурет: pixabay
Қостанай облысында ірі қарадан сібір жарасы індеті табылып, бір ауыл карантинге жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Федоров ауданы Запасное ауылындағы шаруашылықта бір апта бұрын өлген сиырға жүргізілген зертханалық тексеруден сібір жарасы анықталды.

Қазір қора-қопсыға залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, малға вакцина егу жүргізіліп жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Жалпы шаруашылықта бес жүзден астам ірі қара бар. Көктем мезгілінде олар сібір жарасына қарсы егілген. Соған қарамастан малға инфекцияның қалай жұққанын мамандар анықтап жатыр. Арада апта өтсе де індет белгілерімен ауырған, өлген мал жоқ, дейді ветеринарлар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды