Алматыда Сайна көшесі уақытша жабылады

Сурет: pixabay
Саин көшесінің Шығыс бөлігінде солтүстік бағытта жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 13 қыркүйек сағ.21:00 мен 14 қыркүйек сағ.06:00 аралығынд Абай даңғылынан Шаляпин көшесіне дейін көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар, 13 қыркүйек сағ.21:00 мен 14 қыркүйек сағ. 06:00 аралығында және 14 қыркүйек сағ. 21:00 мен 15 қыркүйек сағ.06:00 аралығында Абай даңғылынан Ұлықбек көшесіне дейінгі бөлігінде көлік жүрісі уақытша ішінара шектеледі.

Ал 14 қыркүйек сағ.21:00 мен 15 қыркүйек сағ.06:00 аралығында Саин көшесінің Шығыс бөлігінде солтүстік бағытта Торайғыров көшесінен Жандосов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады.

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз. Алматы Қалалық мобилділік басқармасы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды