ҰҚШҰ миссиясы Арменияға аттанады

Сурет: ҰҚШҰ баспасөз қызметі
ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі Армения мен Әзірбайжан шекарасының жекелеген учаскелеріндегі жағдайды зерделеу бойынша ҰҚШҰ миссиясының бағытын келісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 қыркүйекте Арменияның бастамасымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті.

Кеңесте тараптар Арменияға ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зас, ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы Анатолий Сидоров, сондай-ақ ҰҚШҰ-ға мүше елдердің өкілдері бастаған миссияны жіберуге келісті.

Миссия жағдайды бағалап, мемлекет басшыларына баяндама дайындайды.

2022 жылдың 13 қыркүйегіне қараған түні Армения мен Әзірбайжан шекарасында соғыс қимылдары басталды, тараптар бір-бірін шиеленісті бастады деп айыптады. Ресей Сыртқы істер министрлігі Ереван мен Бакуді жағдайдың шиеленісуіне байланысты екі елдің шекарасындағы жағдайды одан әрі ушықтырудан аулақ болуға шақырды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қақтығысты тек саяси-дипломатиялық жолмен шешу қажеттігін айтты. Сондай-ақ мемлекет басшысы жағдайды тұрақтандыру үшін барлық шараларды қабылдап, күш қолданудан бас тартып, келіссөздерді дереу бастауға шақырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты