Қырғыз-тәжік шекарасында қақтығыс болды

Сурет: pxhere
Қыркүйектің 14-і күні қырғыз-тәжік шекарасында тағы да жанжал шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қақтығыс Баткен облысының Бұлақ-Башы ауданында болды.

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметінің мәліметінше, Тәжікстан әскерилері тараптардың бұрын жасалған келісімдерін бұза отырып, мемлекеттік шекараның белгіленбеген учаскесінде жауынгерлік позицияларды ұстаған.

Қырғыз тарапының аумақтан кету талабын елемеген тәжік шекарашылары оқ жаудырған. Бұған жауап ретінде Қырғызстан шекарашылары да қару қолданған. Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі

Алдын ала мәлімет бойынша, қырғыз тарапынан құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

24 kg мәліметі бойынша, Қырғызстан шекара қызметі мен Тәжікстан Республикасының Шекара әскерлері департаменті басшылары арасында телефон арқылы сөйлескен. Тараптар кездесуді жоспарлап отыр.

Тәжік-қырғыз шекарасындағы бүгінгі оқиғаға қатысты тәжік тарапының нұсқасы әлі белгісіз.

14 маусымда Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болды.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты