Путин қазан айының ортасында Қазақстанға келуі мүмкін

Сурет: akorda.kz
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға келу жоспарыжайында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресей Президенті Қазақстанға Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске қатысу үшін келеді. Сондай-ақ ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесін өткізу жоспарлануда. Ресей президенті қазан айының ортасында келеді деп күтеміз. Біз ресми растауды күтеміз. Әр сапарында мемлекет басшылары екіжақты кездесулер өткізеді. Мұхтар Тілеуберді

Бұл ретте ол Қазақстанның екінші реттік санкцияларға ұшырамайтынын атап өтті.

Біз Ресейге қарсы санкциялардың экономикамызға кері әсерін болдырмау, оның ішінде қайталама санкциялардың алдын алу үшін үкіметтің жұмыс тобын құрдық. Жұмыс тобы табысты жұмыс істеуде, Еуропалық комиссиямен және АҚШ әкімшілігімен тұрақты консультациялар жүргізілуде. Мұхтар Тілеуберді

2022 жылғы тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сочиге жұмыс сапары аясында Владимир Путинді қазан айында Қазақстанда өтетін ТМД саммитіне қатысуға шақырды. Тоқаев «әсіресе Ресей ТМД-да маңызды рөл атқаратындықтан» Путиннің жеке қатысуына сенетінін айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме