Маңғыстаулық тұрғындардан бекіре тұқымдас балық тәркіленді

Сурет: polisia.kz
12 қыркүйек сағат 18:25 шамасында Маңғыстау облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерімен Форт-Шевченко – Ақтау тас жолының 93/39 шақырымында Lada-21713 138 автокөлігі тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, көлікті тексеру барысында жүргізушіден салмағы 33,8 келіні құрайтын бекіреге ұқсас 9 балық тәркіленді. Сонымен қатар, осы күні сағат 17:52 шамасында 102 кезекші пультіне Ақтау қаласының 26 шағын ауданындағы үйлердің бірінде бекіре тұқымдас балықпен адам анықталды деген ақпарат келіп түсті.

Оқиға орнына барған жедел тергеу тобымен тексеру барысында жергілікті тұрғыннан үш бекіре тұқымдас балық тәркіленіп алынды. Балық салмағы 11 келіні құрады.

Аталған деректер ҚР ҚК-нің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша тіркелді. Өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін