Павлодар облысында мектеп оқушылары уланып қалды

Сурет: pixabay
Павлодар облысы Шарбақты ауданында 9 бірдей оқушы уланып емдеу орнына түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төртеуі инфекциялық ауруханаға жеткізілді. Қазір жағдайлары жақсарып келеді, дейді дәрігерлер.

Балалар №2 мектеп асханасынан тамақ ішкенін айтады. Іле-шала бастары айналып, құса бастаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Дәрігер көмегіне 2 және 9-сынып аралығындағы оқушылар жүгінген. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен аудандық полиция тексеру жүргізуді бастады.

Стационарда ем қабылдап жатқан балалардан алынған сынама нәтижесі бойынша тағамнан уланғандары белгілі болды. Олардың бәрі мектеп асханасында тамақтанған. Қазіргі уақытта жоспардан тыс тексеру басталды. Нақты нәтижесін қосымша хабарлаймыз. Гүлмира Құлмағамбетова, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бөлім басшысы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты