Түркістан облысында оқушылар арасындағы жанжалдан кісі өлімі тіркелді

Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысы ПД кезекші бөліміне Кентау қаласының маңындағы ауылдардың бірінен пышақ жарақатын алған жас жігіттің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, ол кәмелетке толмаған, жергілікті тұрғын, 10-сынып оқушысы болып шықты. Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері мен Түркістан облысы ПД басшылығы, сондай-ақ прокуратура өкілдері шықты.

Анықталғандай, түн ортасында екі ауылдың кәмелетке толмаған тұрғындары арасында тұрмыстық негізде жанжал туындаған.

Аталмыш ауыр қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары аулаларды аралап, куәлардан жауап алды. Күдіктілерді ұстау бойынша басқа да шұғыл шараларды іске асырды.

Осылайша полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті ретінде көрші ауылдың тұрғыны анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жанжалдың қалған қатысушыларын ұстау шаралары атқарылуда. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Бүгінгі таңда елдімекендегі жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды