ҰҚШҰ Армения мен Әзірбайжан шекарасында әскери күш қолданбайды

Сурет: Zakon.kz
Армения мен Әзірбайжан шекарасында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) қатысуымен әскери күш қолдану туралы әңгіме жоқ. Бұл туралы бейсенбі, 15 қыркүйекте өткен брифинг барысында ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы Анатолий Сидоров айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анатолий Сидоров ҰҚШҰ жанжалды бейбіт жолмен шешуге үміттенетінін қосты.

Армения мен Әзірбайжан шекарасында ҰҚШҰ-ның қатысуымен әскери күш қолдану туралы әңгіме жоқ. Маған жеткен ақпаратқа сәйкес, тараптар атысты тоқтату туралы келісімге келген және бұл келісім сақталып жатыр. Алдағы үдерістер қарусыз, бейбіт жолмен шешіледі деп сенеміз. ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы Анатолий Сидоров

15 қыркүйекте миссия Армения мен Әзірбайжан шекарасындағы жекелеген аудандардағы ағымдағы жағдайды бағалау үшін жолға шығады.

Бұған дейін Ереван Бакуді шекарадағы қалаларды атқылады деп айыптаса, Әзірбайжан Арменияны диверсия мен арандатушылық жасады деп айыптады.

Армения Ресейден, ҰҚШҰ мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінен көмек сұрады.

ҰҚШҰ хатшылығы 13 қыркүйекке қараған түні Армения мен Әзірбайжан шекарасында болған қақтығыс туралы айтты. Армения мен Әзірбайжан шекарасында болып жатқан жанжалды дипломатиялық жолмен шешу керек, деп мәлімдеді ҰҚШҰ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек