Алаяқ Хромтау тұрғынын 7 млн теңгеге алдап соқты

Сурет: ҚР ІІМ
Хромтау қаласының 38 жастағы тұрғынының ұялы телефонына белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, оның атына несие рәсімделмек деген сылтаумен 7 млн теңге сомасындағы ақшаны иемденген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды және күдіктіні анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті полиция да, банк қызметкерлері де ешқашан банктік шоттар немесе жеке деректерді сұрамайтынын тағы да еске салады.

Сіз де осындай жағдайларға тап болсаңыз, дереу банкке қоңырау шалып, шоттарыңызды бұғаттауыңыз керек, сонымен қатар жақын маңдағы полиция бөліміне хабарласуыңыз қажет.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз