ҚР президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен ОСК-ға құжаттарын тапсырды

Сурет: Facebook/meiram.kazhyken
«Аманат» кәсіподақтар одағы атынан Қазақстан президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен ҚР Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz Орталық сайлау комиссиясының сайтына сілтеме жасап.

Орталық сайлау комиссиясының хабарламасына сәйкес, 2022 жылғы 4 қазанда "Аманат" Қазақстан кәсіподақтарының достастығы" Республикалық кәсіподақтар бірлестігінен Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болып ұсынылуы туралы құжаттары ұсынды.

Мейрам Қажыкен ұсынған құжаттар: Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініш; Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; жоғары білім туралы дипломдардың көшірмелері.

3 қазанда тіркелмеген Yntymaq партиясының жетекшісі Мейрам Қажыкен "Аманат" кәсіподақтар одағынан Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылғаны белгілі болды.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.

23 қыркүйекте елімізде президенттікке кандидаттарды ұсыну басталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды