Жаңалықтар тізбегі
0

Мейрам Қажыкен Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды

Мейрам Қажыкен, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2022 10:59 Сурет: Facebook/meiram.kazhyken
"Аманат" кәсіподақтар достастығы Қазақстан президенттігіне өз кандидатын, яғни Мейрам Қажыкенді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде Мейрам Қажыкеннің президенттікке кандидат ретінде ұсынылғаны туралы ақпарат пайда болды.

Кейінірек ол ақпаратты растады.

Иә, ақпаратты растаймын. Сенімді болып тұрмын әрі жеңіске деген сенімім де жоғары.Мейрам Қажыкен

Оның айтуынша, оның кандидатурасын Кәсіподақтардың республикалық қауымдастығы – "Аманат" Қазақстан кәсіподақтары достастығы ұсынған.

Азаматтық қоғамның қос тарапы – кәсіподақтар мен жұмыс берушілер, кәсіпкерлер өркениетті елдердегідей әлеуметтік және экономикалық сипаттағы түйінді мәселелерді бірлесіп шешіп жатқан кезде мен әлеуметтік әріптестікті жақтаймын. Әлеуметтік серіктестік азаматтық қоғамның екі ірі субъектілері кез келген негізгі мәселелер бойынша келісімге келген кезде болады.Мейрам Қажыкен

Мейрам Қажыкен 61 жаста, Павлодар облысының тумасы. Экономика ғылымдарының докторы, профессор. Қазіргі қоғамды зерттеу институтының директоры, "Ынтымақ" партиясын құру жөніндегі бастамашыл топтың жетекшісі.

20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Елімізде президенттікке кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: